×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті қонақүйге жеткізгені үшін 200 мың теңге алған

16.05.2023, 17:25
фото: ашық дереккөзден

Алматыда шетелдік азаматты әуежайдан қонақүйге дейін 400 еуроға жеткізген такси жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, жүргізуші қоғамдық орындарда тиісу бабы бойынша тиісті жазасын алды.

«Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 15 мамырда Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 3 мамырда сағат 17.00-де Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы өтініш білдіріп, Алматы қаласы әуежайындағы такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған.

Өтініш білдірушінің айтуынша, такси жүргізушісі өз қызметін еріксіз ұсынып, оны Марков көшесінде орналасқан мекенжайға 400 еуроға, яғни 200 мың теңгеге жеткізген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері «Мерседес-Бенц» автокөлігі және оның иесі Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу кезінде ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, азамат Р.И. Кулаковқа ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Жәбірленушінің шағымдары мен талаптары жоқ. Өз кезегінде азамат Р.И. Кулаков көлік полицейлерінің жедел әрекеттері мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді», - делінген Көліктегі ПД хабарламасында.   

Серіктес жаңалықтары