Бүгін әлемде Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобиямен күрес күні (IDAHoBIT) атап өтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандағы 24 елдің елшілігі мен Еуроодақтың ҚР-дағы өкілдігі осы атаулы күнге қатысты бірлескен мәлімдеме жариялады.
"Жыл сайын осы маңызды күні біз Қазақстандағы және дүние жүзіндегі лесбияндық, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс (ЛГБТИ+) қауымдастықтарына қолдауымыз бен нтымақтасатынымызды білдіреміз, - делінген хабарламада.
Кадрларда “Барлығымыз әртүрліміз, бірлігіміз ерекшелігімізде” деген сөзді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақ тілінде айтқан. Дипломаттардың айтуынша, биылғы IDAHoBIT тақырыбы – “Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз”.
"Бұл тақырып адам құқықтарының әмбебаптығын, жыныстық бағдарына, гендерлік сәйкестігіне немесе өзін-өзі көрсетуіне және жыныстық сипаттамаларына қарамастан барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін көрсетеді. Өз отандастары сияқты, ЛГБТИ+ өкілдері де құрметке, бостандыққа және қорғауға құқылы. Инклюзивті және алуан түрлі елдер әрқашан гүлденген, бейбіт және қауіпсіз болады. Біз Қазақстан үкіметін өз азаматтарының ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға және бүкіл Қазақстан халқының адам құқықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз. Бүгін біз махаббаттың әртүрлілігін атап өтеміз. ЛГБТИ+ қауымдастықтарының қолдау көрсетуді мақтан тұтамыз. Біз – «Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз»", - делінген хабарламада.
Бұл күн 1990 жылы 17 мамырда гомосексуализмнің Аурулардың халықаралық классификациясынан шығарылуына құрмет ретінде атап өтіледі. 2009 жылы "Халықаралық гомофобиямен күрес күні" атауына трансфобия, ал 2015 жылдан бастап бифобия қосылды.
Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері күнделікті өмірінде жыныстық бағдары немесе гендерлік ерекшелігіне байланысты кемсітушілікке тап болады. ЛГБТ адамдарына деген теріс көзқарас әлеуметтік оқшаулану, қорқыту және зорлық-зомбылық түрінде көрінеді; мұның бәрі көбінесе физикалық, психологиялық және эмоционалдық зиян келтіруге әкеледі. Өзіне деген жағымсыз көзқарасты болдырмау үшін көптеген ЛГБТ өкілдері өздерінің жыныстық бағдарын немесе гендерлік сәйкестігін жұрттан жасыруға мәжбүр.