×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Ақмола шенеуніктері 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған

18.05.2023, 09:32
Ақмола шенеуніктері 100-ден аса кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімдерінің өтуіне қарамастан (ӘҚБтК-нің 62-бабы 1-т.) Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша (ӘҚБтК-нің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Прокуратураның жедел шаралары бойынша кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күші жойылып, жол берілген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.