×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбелік депутат 457 млн теңге заңсыз субсидия алған

18.05.2023, 12:24
Ақтөбелік депутат 457 млн теңге заңсыз субсидия алған
Фото: Ашық дереккөз

Ақтөбеде аудандық мәслихаттың депутаты жоқ малдың орнына 457 млн теңге заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

“Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.

Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды”, – деп жазды департаменттен.