×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Степногорск комбинатының "Росатомға" сатылуы: мәміленің егжей-тегжейі айтылды

19.05.2023, 08:04
Степногорск комбинатының "Росатомға" сатылуы: мәміленің егжей-тегжейі айтылды
Office Life

10 мамырда "Қазатомөнеркәсіп" АҚ ресейлік "Росатом" компаниясына Степногорск тау-кен-химия комбинатын сатқаны белгілі болған. Мәміленің егжей-тегжейі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов "РосАтом" бірінші кезекте "Буденовское" БК-ның  49% үлесіне иелік ететін "Степногорск тау-кен-химия комбинатының" (СГХК) 100% үлесін сатып алғанын (Буденовское кен орнының №6 және 7 учаскелері) айтты.

Степногорск тау-кен-химия комбинатының бұрынғы иелері:

Яков Клебанов (GANBERG UK LTD арқылы 60%);

Василий Анисимов (GEXIOR UK Ltd арқылы 40%) – хорватиялық/ ресейлік миллиардер (Алматының тумасы).

Жұмағұлов мәміле 2022 жылдың желтоқсанында жасалған болуы ықтимал деп болжайды, өйткені 08.12.2022 жылдан бастап "Буденовское" БК жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшартына өзгерістер енгізілген.

"Буденовское" БК-дағы 49% үлесті қоса алғанда, комбинаттың 100% үлесін және салық төлемдерін сатып алу бойынша барлық мәміле 1,6 млрд долларды құраған.

СОндай-ақ, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының директоры Анисимовтың осы мәміледегі белсенділігін атап өтті –  ол Буденов кен орнының учаскелерінде уранды барлау бойынша Қазатомөнеркәсіптің серіктестері қатарына алғашқылардың бірі болып кірді.

Буденовское кен орны 7 учаскеге бөлінді:

№2 - "Қаратау"ЖШС;
№1,3,4 - "Ақбастау"БК АҚ;
№ 6 және 7 – "Буденовское" БК%
№5 – Энергетика министрлігінің балансында.

21 ғасырдың басында Анисимов Қаратауға (50%) және Ақбастауға (25%) инвестиция салды. Кейінірек 2009 жылы келісімшарттар барлаудан өндіруге ауысқаннан кейін ол Қаратау мен Ақбастаудағы үлестерін "Uranium One Group"-қа сатты.

Жұмағұлов 2012 жылы Анисимов Клебановпен бірге Степногорск тау-кен-химия комбинатының  100% үлесін алатынын атап өтті.

"Неліктен Қазатомөнеркәсіп өзінің басым құқығын пайдаланбады немесе №6 және 7 учаскелерді өз бетінше зерттемеді – риторикалық мәселе. Кез келген жағдайда ҚАӨ үшін "Буденовское"БК-да 51% қалады. Уран бизнесінде бастысы – өндірілген шикізатты алу емес, оны сәтті сату. Енді №5 учаскенің тағдырын бақылау қызық болмақ  – Анисимов Қазатомөнеркәсіптің серіктестеріне кіре ме екен?",- дейді Жұмағұлов.

Мәміле туралы ақпарат "Қазатомөнеркәсіптің" 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігінен ғана белгілі болды.

Мұндай жағдайда сұрақ туындайды: Неге "Қазатомөнеркәсіптің" акционерлері мұндай мәмілелер туралы ресейлік БАҚ-тан немесе жылдық есептіліктен біледі?