×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Түркияда президент сайлауының бірінші турының соңғы нәтижелері жарияланды

20.05.2023, 09:10
Ашық дереккөз

14 мамырда Түркияда өткен президент сайлауында кандидаттардың ешқайсысы абсолютті көпшілік дауыс жинай алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғары сайлау комиссиясының (ЖСК) президенттік сайлаудың түпкілікті нәтижелері туралы шешімі түрік ақпарат құралдарында жарияланды.

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 49,52 пайыз дауысын жинады. Оның ең үлкен қарсыласы – Кемал Кылычдароглу 44,88 пайызбен артта қалды.

Қалған дауыстар тағы екі үміткер – Мухаррем Инже мен Синан Оган арасында бөлінді

Дауыс берушілер 87,04 пайызды құрады.

Президенттік сайлаудың екінші турына ең көп дауыс жинаған үміткерлер Ердоған мен Кылычдароглу қатысады.

28 мамыр, жексенбі күні өтетін сайлауда ең көп дауыс жинаған кандидат президент болып сайланады.

Серіктес жаңалықтары