×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ердоған қайта сайланса, үшінші мерзімге сайлауға түспейтінін айтты

20.05.2023, 14:08
Ашық дереккөз

Бұл туралы Түркия басшысы CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қолданыстағы ережелерге сәйкес, президент тек екі рет сайлана алады. Менің бірінші мерзімім аяқталды, енді екінші мерзімге сайлау өтіп жатыр. Екінші мерзімге қайта сайлануыммен бұл процесс аяқталады», - деді Ердоған.

Өткен жылы түрік оппозициясы Ердоғанның жаңа мерзімге сайлауға түсе алмайтынын, өйткені 2018 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін және төрт жыл қызмет еткен соң мерзімінен бұрын қайта сайланғанын айтқан.

Түркияның Әділет министрлігі Ердоғанның президенттікке қайта сайлануға құқығы бар деп есептейді, өйткені заңды түрде жаңа түзетулерге сәйкес ол екі сайлауға емес, бір ғана сайлауға қатысқан, өйткені оның мерзімі «қайта қаралған».

Бұған дейін Түркия президенті жаңа мерзімге қайта сайланған жағдайда тағы бір уәде берген болатын. Ол Ақ үй басшысы Джо Байденмен тығыз жұмыс істейтініне сендірді.

Түркиядағы президенттік сайлаудың бірінші турының ресми қорытындысын жариялағанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары