×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Өрмекші адам» BBC штаб-пәтерінің сыртындағы мүсінге көтеріледі

21.05.2023, 09:39

Өрмекші адам маскасын киген белгісіз ер адам BBC штаб-пәтерінің қасбетінде орналасқан мүсінге көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ ол мүсінге Телерадио хабарларын тарату корпорациясын сынайтын плакат жабыстырды. Көп ұзамай аумақты полиция қоршауға алды. Алғашында оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыны айтарлықтай биіктікте болғандықтан ұстай алмаған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ер адам мүсіннің авторына байланысты наразылық акциясын өткізген. 1933 жылы мүсінді BBC тапсырысы бойынша ағылшын мүсіншісі Эрик Гилл жасаған. Гиллдің өмірбаянында жанжалды фактілер анықталды. Жобаны алып тастауды талап етіп петицияға 3 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді.

Серіктес жаңалықтары