×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Украина НАТО-ның көптеген критерийлеріне сәйкес келмейді - Германия канцлері

21.05.2023, 14:45
Ашық дереккөз

Германия канцлері Олаф Шольц G7 саммиті барысында журналистерге Украинаның жақын болашақта НАТО-ның жаңа мүшесі болуы екіталай екенін айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, Украина қазіргі уақытта Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру үшін қажетті көптеген критерийлерге сәйкес келмейді.

"Біз Бухарестте шешім қабылдадық, НАТО-ға мүше болу перспективасы ілгеріде жасалып қойған. Әрине, НАТО үшін тұжырымдаған критерийлердің арасында Украинаның қазіргі уақытта орындай алмайтын көптеген шарттары бар", - деді ол.

Ол Украинаның НАТО-ға кіруі жақын болашақта мүмкін емес екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары