Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан экспорттай бастаған жаңа өнімдер туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазақстандық өнімдердің ішіндегі көзге іліне бермейтін экспорт – бұл парашюттар. Яғни, осы жерде парашюттар өндіріп жатырмыз. Олар танымалдыққа ие деп айта аламыз. Мүмкін экспорт аясында бұл болмашы ғана сома шығар. Бірақ, бұл жаңа әрі технологиялық өнім», - деді вице-министр брифингте.
Сондай-ақ, Төребаев тағы бір мысал ретінде отандық кәсіпорындардың ресейлік желілерге өнім жеткізуі жайлы айтты.
“Қазақстандық кәсіпорындар Ресейдің сауда және мейрамхана желілеріне азық-түлік өнімдерін тасымалдап отыр”, – деді ол.