×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ел банктеріне қолма-қол Ресей рублін елден шығаруға рұқсат беріледі

22.05.2023, 15:24
фото: ашық дереккөзден

Екінші деңгейдегі Қазақстан банктеріне елден қолма-қол ресей рублін шығаруға рұқсат берілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", – делінген премьер-министр Әлихан Смайылов қаулысының жобасында.

Ұлттық банктің түсіндіруінше, қолма-қол ақшаны әкету оларды қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін қажет.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатыны айтылған.

Жоба "Ашық НҚА" сайтында 5 маусымға дейін талқыланады.

Серіктес жаңалықтары