×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

67 млн теңгені игермеген: Петропавл әкімі күлі ғана қалған 9 үй үшін сөгіс алды

23.05.2023, 08:43
twitter

Петропавлда қураған шөп салдарынан 9 үйдің өртеніп кетуіне байланысты қала әкіміне сөгіс берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қала басшылығы өрттің алдын алуда тиісті жұмыстарды жасамаған. Мәселен, қураған шөпті шауып, жою үшін бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыс жүргізілмеген.

«Қала әкімі жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған. Қураған шөп-қамыс дер кезінде шабылмаған. Осындай жауапсыздықтан тұрғындар баспанасыз қалды. Бар мүлкінен, құжаттарынан айырылды. Мұның алдын алуға болар еді, егер де тиісті жұмыс уақытында жүргізілсе. Арнайы қаржы бөлінбесе, ақша болмаса мен түсінер едім», - деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Еске салайық, 7 мамырда қаладағы Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенді. Тоғыз жеке тұрғын үй қирап, тағы екі үй жартылай бүлінген. Осыған байланысты қалада  төтенше жағдай режимі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары