×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Әрбір үшінші кәсіпкер – құқық бұзушы: отандық бизнесті аяқтан шалатын не?

23.05.2023, 16:44
фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустем Жүрсінов Бас прокуратурада өткен іс-шарада Қазақстанның кәсіпкерлері неге жиі шағымданатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2015 жылдан бастап прокуратура органдарына шағымдар саны төрт есе өсті. Егер 2015 жылы шағымдардың жалпы саны жылына шамамен 17,5 мың болса, 2022 жылдың 7 айында – 70 мыңға жуық шағым болған. 2022 жылы әкімшілік әділет органдарына мемлекеттік органдардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне 20 мыңнан астам талап қойылды. Келіп түскен барлық талап-арыздардың 54%-ы орталық атқарушы органдарға, 38%-ы жергілікті атқарушы органдарға қойылды", - деп атап өтті Рустем Жүрсінов.

Оның айтуынша, бизнес көбінесе мемлекеттік органдардың тексерулеріне, айыппұлдарға және мемлекеттік сатып алуға шағымданады.

"Тексерулерге келетін болсақ, бүгіннен бастап тәуекелдерді басқарудың барлық жүйесі автоматтандырылуы тиіс норма күшіне енді, автоматтандыру болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілер санының 5%-дан аспайтын мөлшерін тексеруге құқылы. Басқаша айтқанда, тексерулердің 95% -ын биылдан бастап сандық жүйе анықтайды", – деді Жүрсінов.

Ол сондай-ақ үкімет басшысының мемлекеттік органдарға бұл жұмысты 2023 жылдың наурызына дейін аяқтауды бірнеше рет тапсырғанын еске салды.

"Бұл сұрақ мемлекеттік бақылауды автоматтандыру мәселесін тежейді... Бұл түбегейлі мәселе – егер бәрі автоматтандырылған болса, біз заңсыз тексерулерге қатысты шағымдардың санын едәуір азайтамыз", - деді спикер.

Ол сонымен қатар бизнеске қатысты әкімшілік өндірістің өсуіне назар аударды. Егер 2015 жылы 253 мың дерек болса, 2022 жылы олардың саны 602 мыңға жеткен.

"Алаңдатарлық цифрлар, 2022 жылы бізде бизнес субъектілерінің жалпы саны 1,8 млн болғанын ескерсек, әрбір үшінші кәсіпкер құқық бұзушы болды деген сөз... Мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіп пен адамгершілікке қауіп төнген жағдайда ғана жүргізілуі тиіс",- деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары