×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Жамбылдық шенеуніктер мембағдарламаға бөлінген 171 млн теңгені жымқырған

11.07.2022, 10:57
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады, – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.