×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда авторитаризм нығайып, демократия көрсеткіштері құлдырады – Freedom House

24.05.2023, 13:37
Қазақстанда авторитаризм нығайып, демократия көрсеткіштері құлдырады – Freedom House
REUTERS

Freedom House халықаралық демократия және адам құқықтары ұйымының сарапшылары жыл сайынғы есебінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Freedom House жылдағы дәстүрі бойынша бір кездері коммунистік идеологиямен өмір сүрген Орталық Еуропаның, Балқан түбегінің және Еуразияның 29 еліндегі жағдайға баға берді.

Мемлекеттердегі демократия деңгейі ұлттық демократиялық басқару, сайлау процесі, азаматтық қоғам, тәуелсіз БАҚ, жергілікті демократиялық басқару және сыбайлас жемқорлық сияқты категориялар бойынша бағаланады. Бұл жолы бірқатар елдер "күшейтілген авторитарлық режимнің" ең нашар санатында қалды. Олардың арасында Беларусь, Әзірбайжан, Ресей және Орталық Азия елдері бар.

"Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда азаматтық кеңістіктің айтарлықтай тарылуы байқалды: кейбір жағдайларда билік наразылық білдірушілерге зорлық-зомбылық көрсетті, ал енді бірде ұсталғандарды азаптады. Түркіменстан мен Әзірбайжан азаматтары билеуші элитаның непотизмінен зардап шегуді жалғастыруда және Ресейдегі соғысқа қарсылық білдіргендерге қарсы бағытталған репрессияның күрт толқыны бұл ел рейтингін есептің 30 жылға жуық тарихындағы ең үлкен құлдырауға әкелді",  –  делінген басылымда.

Қазақстанда демократия индексі өткен жылдан бері айтарлықтай төмендегені, бірде-бір көрсеткіш бойынша алға ілгерілеу болмағаны нақтыланды.

Сарапшылардың айтуынша, қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін жағдай бұрынғыдан да нашарлады. Қазақстан билігі өз уәделерін орындамады, ал Жаңаөзен тұрғындарының наразылықтары бірден саяси талаптарға айналды.

Барлық санаттар бойынша елдегі демократия индексі ең төменгі деңгейге жақын. Осылайша, Қазақстан 2020-2021 жылдар көрсеткішіне қайта оралды.