Қара алтынның қымбаттауына АҚШ-тағы акциялардың динамикасы туралы деректер ықпал етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны барреліне 77,67долларды құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылуынан 0,83 доллар (1,08%) жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электрондық саудада шілде айындағы WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 0,92 доллар (1,26%) өсіп, барреліне 73,83 долларды құрады. Алдыңғы сессияның нәтижесінде келісімшарттардың құны барреліне 0,86 долларға (1,2%) артып, 72,91 долларға жетті.
Америка мұнай институтының (API) мәліметінше, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қоры 6,8 млн баррельге қысқарды. Trading Economics мәліметінше, нарық 525 000 баррельге төмендейді деп күтілген.