×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Қантқа талас: Қарағандыда дүкендегі шуды басу үшін полиция шақырылды

12.07.2022, 15:45
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласында қантқа таласқан тұрғындар дүкенде шу шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды полиция департаментінің баспасөз қызметі полицияның қант дүрлігу орнында болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Сағат 10.00 шамасында Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық ПБ кезекші бөліміне "Аян" супермаркетінде сатып алушылар шу шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды", – деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшыларын сатушы шақырған. Дүкен әкімшісінің айтуынша, қант сату кезінде ұзын-сонар кезек пайда болып, кейбір сатып алушылар бұл өнімді белгіленген мөлшерден артық алуға тырысыпты.

Полиция қызметкерлері жанжалдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.