×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

СҚО-да ат үстіндегі малшыға найзағай түсті

26.05.2023, 17:20
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың 25 мамырында Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген. 

Ер адамға найзағай түскені анықталды, нәтижесінде ол және оның жылқысы оқиға орнында қайтыс болды.

Тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары