×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ресейге қарсы салынған 11-санкцияның тізіміне әлемдік брендтер енді

28.05.2023, 09:43
Ашық дереккөз

Бірақ ЕО оны ешбір жағдайда қабылдай алмайды. Құжатты Грекия мен Венгрия бұғаттап, өздерінің бірқатар компанияларын тізімнен шығаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Тізімге басқалармен қатар, Грецияда орналасқан бірнеше компания кіреген, олар теңіз көлігімен, сондай-ақ венгриялық OTP банкімен байланысты. Екі ел де тізімге енгізілмей тұрып, Мәскеудің санкцияларды айналып өтуіне қатысы барын дәлелдеуді талап етуде.

ЕО-ның жаңа санкциялар пакеті Ресейге жазалау шараларын айналып өтуге көмектесетін компанияларға бағытталған және Украинаның Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ұлттық агенттігі жасаған «халықаралық соғыс демеушілерінің» тізіміне негізделген.

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Еуроодақтың 11-ші санкциялар пакеті әртүрлі елдердің 90-нан астам компаниясына қарсы шараларды қамтитынын айтқан.

Бұл тізімге Leroy Merlen, Bonduelle, Procter & Gamble, Auchan, Yves Rocher, Xiaomi сияқты компаниялар, сондай-ақ неміс көтерме сауда компаниясы Metro мен австриялық Raiffeisen Bank кіреді. Көп жағдайда олар Ресейде қызметін жалғастырды деп айыпталады.

Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Қазақстанға сапары барысында бұл тізімге қазақстандық компанияларды да қосуға болатынын айтты. Ол санкциялар үшінші елдерге салынбайды, бірақ олардың шектеулерді айналып өтуге көмектесетіні дәлелденсе, кейбір компанияларға әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстандағы мұндай жағдайлар анықталып, дәлелденсе, Еуропалық Одақ қазақстандық серіктестермен осы мәселенің шешімін іздейтін болады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда тауар қозғалысын электронды онлайн бақылау және traderadar.kz интернет-базасы жұмыс істейді.

Бұған дейін журналистердің тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Ресей өзіне қажетті микроэлектроника мен ұшқышсыз ұшақтарды Қазақстан арқылы алатынын айтқанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары