×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

29.05.2023, 10:07
фото: ашық дереккөзден

БЖЗҚ азаматтарға жалған хабарламалардан сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, осы жылдың келесі айының бірінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Үкімет қаулысымен бекітілген зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

БЖЗҚ ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары