×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Гарвард төрінде қазақтың домбырасын күмбірлеткен жігіт жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

14.07.2022, 12:41
видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Гарвард университетi Дж Кеннеди атындағы мектебiнде тəжiрибелi басшыларға арналған мемлекеттiк басқару саласы бойынша білім алып жүрген магистрант Ербол Жаркешов Кэмбридж қаласының төрінде қазақтың домбырасын күмбірлетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Əлемнiң 58 елiнен жиналған басшылармен бiр жыл бiрге бiлiм алу, Қазақстанның ɵкiлi ретiнде ɵз үлесiмдi қосу мəртебесi бұйырды. Оның үстiне Н. Каппаров атындағы Гарвардтағы стипендиясын ұтып алдым. Бұның барлығы маған үлкен жауапкершiлiк екенiн сезiнемiн. Басты мақсат – мемлекеттiк басқару саласындағы жаңа жаһандық озық тəжiрибенi сараптау, зерделеп бойға сiңiру жəне елiмiзге жарату. Оның үстiне Қазақстанда болып жатқан трансформацияларды осы деңгейде жеткiзу əрi оларды əрi қарай дамытуға серiктестер табу”, – деп жазды Ербол Жаркешов желідегі парақшасында.

Ол жатжұрттықтарға қазақ мәдениетін насихаттап жүргенін жеткізді. Айтуынша, Ұлттық домбыра күніне орай Гарвардта алғаш рет қазақтың күйін күмбірлеткен. 

“Бауырым, жарайсың! Қазақстан, алға!” “Тек биіктерден көрін! Еліміздің мәртебесін биіктете бер!” деп жазды желі қолданушылары.