×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Оңтүстік Корея көшесінде ерсі қылық көрсеткен қазақ қыздары тергеліп жатыр

29.05.2023, 13:51
видеодан кадр

Оңтүстік Кореядағы Инчхон-Ёнсу полиция учаскесі 27 мамырда жол жүру ережесін бұзып, ессіз күйде көлік айдаған Қазақстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, А. есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Ёнсу-дон-ға бара жатқан жолда K5 көлігін қатты айдады деп айыпталып отыр.

Желіде тараған видеодан көлік жолаушылары – 27 жастағы Б. және 22 жастағы С. есімді ұлты қазақ қыздар автокөліктің артқы терезесіне отырып, денесін терезеден сыртқа шығарып, қолдарын жоғары көтеріп тұрғанын көруге болады.

Тергеу барысында жүргізуші көліктегі әйелдерге бұлай істемеуін, оның қауіпті екенін ескерткенін айтқан.

Б. ханым өз әрекетін Кореядағы жақын танысы балалы болғанын естіп, қатты қуанғаннан істедім деп түсіндірген. Сондай-ақ ол «өз елімде мұндай әрекет қалыпты болғандықтан, ешқандай мәселе туындамайды деп ойладым» деп жауап берген.

Полиция қосышма тергеу жүргізбек. Көлік жолаушыларына айыппұл салынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары