×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Алматы көшесінде оқ атқан ер адам 7 жылға сотталуы мүмкін

14.07.2022, 17:41

Алматыда аулаға қару асынып шығып, жергілікті тұрғындарды оқ атып қорқытқан ер адам 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурордың сөзінше, ер адамның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды», - деді Ізбасар Масақбаев.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде көшеде қару ұстаған ер  адам Алматы тұрғындарын қорқытты. Полицияға оның екі рет оқ атқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері күдіктіні залалсыздандырып, ұстады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам бұл қадамға бұрынғы әйелімен жанжалдан кейін барған. 

Кеше Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы күдіктінің екі айға қамалғанын хабарлаған.