×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Димаштың Алматыдағы концертіне әлемнің 36 елінен тыңдарман келеді

16.07.2022, 14:42
Фото: dimashnews.com

14 шілдеде Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне билет сатыла бастады. Ticketon ақпараты бойынша, алғашқы 15 минут ішінде әртістің 36 елдегі жанкүйерлері билет сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Димаш өзінің Instagram ресми аккаунтында Dears-ке алғысын жеткізіп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.

«Билет сатылымы асталғаны хабарланған соң 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен тыңдармандарым билет сатып алды. Бүгін - билет сатылымының екінші күні. Одан да көп қонақтар болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рахмет! Баршаңызды жақсы көремін. 23 қыркүйек Алматыда кездескенше!», – деп жазды әнші.

Димаштың «Stranger» концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.