×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Грекияда жарылғыш зат тиелген Украина ұшағы құлады

17.07.2022, 14:19
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Солтүстік Грекия аумағында украиналық әуе компаниясына тиесілі АН-12 ұшағы құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Грекия азаматтық авиациясы жүк ұшағының Сербиядан Йорданияға бет алғанын мәлімдеді.

БАҚ-тың хабарлауынша, 12 тонна жарылғыш тиелген ұшақта 8 адам болған.

Дегенмен жергілікті әкімдік нақты мәліметті жариялаған жоқ. Адам денсаулығына қауіп төндіретін улы заттардың бар-жоғына әлі ешкім көз жеткізбеді. Тұрғындар апаттан кейін екі сағатқа ұласқан жарылыстарды естігенін айтады. Ұшақ құлаған маңға жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарына есік-терезені мықтап жауып, сыртқа шықпауға әрі маска тағуға кеңес берілді.

Ұшақ құлаған маңда жүрген едім, бірақ өрт сөндірушілер мен полиция мені ол жаққа жақытдатпады. Жарылыс жалғасып жатқандықтан, қауіпті болды, - деді Палеохори тұрғыны Джордж Киссас.