×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астанада энергетикалық жоба құны 2 млрд теңгеге асыра бағаланған

01.06.2023, 17:21
фото: ашық дереккөзден

«Астана қаласының энергетикалық орталығында апаттық автоматиканы жаңғырту» жобасының сметалық құнын асыра бағаланғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Астана-РЭК» АҚ-нан «Мемсараптама» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оң қорытынды алу үшін жұмыс тобы жіберілгені анықталған.

“Жұмыс жобасын талдау барысында жобалаушы құжаттаманы құрастыру кезінде еншілес компаниялардың баға ұсыныстарын жоғары бағаланған құнымен қолданғаны анықталды. Өз кезегінде Департамент «Мемсараптама» РМК-ға әлеуетті жеткізушілерден, Қазақстанның өндірушілерінен құны ең төмен жабдыққа баламалы баға ұсыныстарын жолдады”, – делінген хабарламада.

Дер кезінде анықталған факті нәтижесінде жоба құны 5,9 млрд теңгеден 4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Серіктес жаңалықтары