×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды – депутат

02.06.2023, 12:56
Коллаж: Ulysmedia.kz

Депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», –  деді мәжілісмен.

Тәкиев бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

«Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді», - деді депутат.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары