×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Халық моншаға екі аптада бір рет қана баратын болған – депутат қымбатшылық жайлы

02.06.2023, 14:44
manyprice.ru

Депутат Ерлан Саиров тұрғындардың әл-ауқатын жалпі ішкі өніммен өлшеу орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл өте маңызды мәселе. Осы өте маңызды мәселеге халық сену үшін ең бірінші біздің сөзіміз бен анау базардағы бағасы сәйкес келуі керек. Менің ойымша, осындай кездесудің алдында Үкімет мүшелері міндетті түрде базарға барып шығуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3,2 пайыз өсті деп айтасыздар. Бірақ Қазақстандағы инфляция 20 пайыз өсті ғой. Көршілеріміз Қырғызстанда инфляция 14 пайыз. Өзбекстанда 12 пайыз, Ресейде 11 пайыз», - деді Ерлан Саиров.

Сондай-ақ, ол халықтың табысы түскенін көрсететін бірнеше фактілерді алға тартты.

«Мен өзім базарға «Артем» базары мен «Small»-ға барамын. Құрметті әріптестер адамдар күнде тұтынатын нан, май, макарон, күріш 80 пайыз өсіп кетті ғой. Осыны біз неге айтпаймыз? Сондай-ақ, мен «Керемет» деген моншаға барам. Осы кезде халық жетісіне бір емес, екі жетіде бір рет моншаға баратын болған. Өйткені халықтың табысы төмендеп кетті. Әріптестер, біз осындай әңгіме айтқанның орнына бүгінгі индкаторларды өзгерту керек. Сіздердің индикаторларыңыз дұрыс емес. Ішкі жалпы өнім Қазақстан халқының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – үй шарушалықтарының табысы», –  деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская елімізде халықтың орташа табысына қатысты ресми статистика шынайы ахуалдан алшақ екенін мәлімдеген болатын.

Ал  мәжілісмен Мәди Тәкиев халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары