Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәжілісте бүгін депутаттарға «Заңсыз иемделгенактивтерді мемлекетке қайтару» туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алма Мұқанованың айтуынша, заңға жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобы жататын болады.
«Бұл ретте жеке тұлғаларға негізсіз байлыққа ие және оларға қатысты мыналар туралы мәліметтері бар адамдарды жатқызу ұсынылып жатыр. Ең бастысы, ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік ұйымда, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адамдарға қатысты, оның ішінде бұрын қатысты болған әкімшілік билік ресурстарының болуына да байланысты», - деді Алма Мұқанова.
Оның айтуынша, мемлекеттік лауазымда отырып заңсыз баюға жол ашқан адамдар осы заңның қаһарына ілігуі мүмкін. Сондай-ақ, әкімшілік билік ресурстарының нәтижесінде активтерді иелену не кәсіпкерліктің қолайлы бәсекелестікке жатпайтын заңнамалық жағдайларын қалыптастыруға ықпал еткен азаматтар да осы заңға жатқызылады.
«Активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі заңда белгіленген. Олармен үлестес тұлғаларға қолданылатын болады. Мысалы, жақын туысқандары осы адамдардың номиналды мүлкіне иелік ететін адамдар және басқалар. Осылайша заң жобасы ірі сыбайлас жемқорлыққа және республикалық, жергілікті деңгейлердегі әкімшілік билік ресурстары субъектілерібіріктірілген олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізу ұсынылып отыр.
Заң жобасының новеллаларының бірі – әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерін регламенттеу арқылы шетелдегі активтерді қайтару бағытында жұмыс жүргізу үшін қажетті құралдарды қамтамасыз ету. Сондай-ақ заң жосықсыз сатып алушылар мен кредиторларды анықтауды, активтерді қайтару жөніндегі комиссия институтын, мемлекеттік мүдделерді алдын ала қамтамасыз ету мүмкіндігін прокурорлық талдаудың және тексерудің жаңа түрлерін енгізеді», - деді вице-министр.