×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Блогерлер желідегі жарнаманы арнайы белгімен таңбалауға міндеттелуі мүмкін

02.06.2023, 16:39
Блогерлер желідегі жарнаманы арнайы белгімен таңбалауға міндеттелуі мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда интернеттегі жарнамалық контентті арнайы белгімен таңбалау міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәжілісте «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама» туралы» заң жобасын таныстыру барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов айтты.

«Біріншіден, тұжырымдамалық ақпаратты өзектендіру. Бұл жерде әлеуметтік желілердің субъектілеріне және сол саладағы бірнеше терминге нақты анықтамалар, түсініктемелер беріледі. Екіншіден, онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру. Яғни, қазақ тіліндегі контентті модерациялау, монетизациялау, онтерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері. Үшіншіден, интернеттегі жарнама саласын экономикалық тұрғыда қарастыру. Төртіншіден, мазмұнға қойылатын талаптар. Енді бұл заң жобасын бірінші кезекте қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді деп есептейміз. Сондай-ақ, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі», - деді ол.

Ахетов онлайн жарнаманы реттеу саласындағы шет мемлекеттер тәжірибесіне тоқталды.

«Қазіргі таңда халықаралық тәжірибедегі бір-екі мәселені атап өтсек. Германияда 2018 жылы қабылданған заң бойынша 2 миллионнан астам жазылушысы бар медиа платформар зиянды ақпаратты жоюға міндеттелген. 2022 жылдың 23 сәуірінде Еуроодаққа қатысушы елдер қабылдаған заңнама бойынша шағым беру, өтініштерді қарау, контентті модерациялау және онлайн жарнама тетіктеріне көзделген әлеуметтік желілер алгоритмдерін белгілеу көзделген», - деді Қайнар Ахметов.

Оның дерегінше, Қазақстанда 13 млн 800 мың адам – әлеуметтік желі пайдаланушысы. Бұл – Қазақстан халқының 70 пайызынан астамы.