×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Түркияда 1000 мемлекеттік базар ашылады

06.10.2021, 21:44
Фото: dailysabah.com

Жаңа базарлар тұрғындарды қолжетімді бағадағы сапалы өніммен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

dailysabah.com-ның мәліметінше, бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы ауыл шаруашылығы кооперативінің сауда нүктелеріне барған кезде айтты.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне азық-түлік бағасының өсуін тежеу ​​бойынша үкіметтің шаралары аясында бүкіл ел бойынша 1000 жаңа базар ашуды тапсырды.

Ердоғанның айтуынша, жақын арада елде халықты арзан әрі сапалы тауарлармен қамтамасыз ету және бағаны теңестіру мақсатында базарлар құрылысы басталады.

«Елдегі ауылшаруашылық несие кооперативтерінің қарауында барлығы 500-ге жуық сауда нүктесі бар. Өткен апталарда үкімет Түркиядағы ірі супермаркеттерде тауарлардың бағасын негізсіз өсіру бойынша ауқымды тексерулерді бастады», - деп жазды басылым.

Серіктес жаңалықтары