×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қап-қап ақша тасығандарды неге ұстамайды - Думан Мұхамедкәрімнің анасы

03.06.2023, 12:14
Фото: Ulysmedia.kz

Қамауда отырған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, аштық жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

66 жастағы Алмаз Тілепов пен зайыбы Іле аудандық прокуратурасына келді. Олар Думанның заңсыз ұсталып отырғанын, оның денсаулығы нашарлағанын айтады.

Ұлым Думанды үшінші рет заңсыз қамап отыр. Елім, жерім деп жүрген бала. Ол барған жерде халық мұңын айтады, зарын жеткізеді. Қымбатшылықты айтады. Думан соны құзырлы орындарға жеткізуші. Бұл – журналистің міндеті. Оның білім алған мамандығы сондай. Халықты тыңдайды, соны жеткізеді тиісті орынға. Соны жеткізгені үшін заңсыз қамап отыр. Журналистке айтқызбаса, оны тыңдамаса, Қазақстан не болып кеткені, түсінбеймін. Мұны Президент біле ме, білмей ме? Менің ұлым кісі өлтірген жоқ, арақ ішіп төбелескен де жоқ. Ұрлық жасаған жоқ, ақша талап еткен жоқ. Қап-қап ақшаны шетелге тасып жатқандарды неге ұстамайды, менің ұлымды неге қайта-қайта қамайды? Менің ұлым үшін жаным күйіп тұр, ұлым қазір ауру болды. Жатқан жері тақтай, асты – цемент. Өзінің бүйрегі ауырады. Қазір өзіміз дәрі алдырып, емдетудеміз. Оған ауруханаға жату керек”, – деді журналистің анасы.

Журналистің туыстарының алдына прокурор шықты. Олардың алдына шыққан прокурор сот шешіміне сілтейді.

Думан Мұхамедкәрімнің босатылуын талап еткен туған-туыстары мен белсенділер әлі тараған жоқ.
 

Серіктес жаңалықтары