×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Жайылым жер беру кезінде 520 шенеунік заң бұзған

20.07.2022, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Жайылымдарды беру кезіндегі заңбұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды тұлға, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, жер жетіспеушілігі мәселесінің туындауы жерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдардың алуымен байланысты болып тұр.

Салдарынан адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады. Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Биыл жағдайды жақсарту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн га жерді қайтару жоспарланып отыр.

«Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Бас прокуратурадан.