×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанның 4 қаласында пәтер бағасы шарықтады

05.06.2023, 10:07
фото: ашық дереккөзден

Мамырда Қазақстанның төрт қаласында пәтер қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Krisha.kz мәліметінше,  өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құраған. Бұл сәуірге қарағанда 0,4%-ға аз.

Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы:

Алматыда — 706 мың

Астанада — 475 мың

Шымкентте — 433 мың.

Ең төмені – Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.

Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттады: +0,4 %.

Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2 %, ең төмені Көкшетауда — 3,3 %.

Жалпы бес айда 12 қалада баспана қымбаттаған, соның ішінде Алматыда, Шымкентте - 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада — 1,7 % арзандаған.

Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) екінші нарық орташа 3,8 %-ға қымбаттаған.

Ең үлкен өсім Ақтауда - 13,4 %. Ең төмені Талдықорғанда — 5,2 %.

Айта кетейік, бұдан бұрын үкіметте тұрғын үй салу жоспарын орындамаған өңірлер аталған болатын.

Серіктес жаңалықтары