×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жезқазған мен Балқаш ЖЭО иесіне 27 млн теңге айыппұл салынды

05.06.2023, 10:48
Жезқазған мен Балқаш ЖЭО иесіне 27 млн теңге айыппұл салынды
фото: дереккөзден

Прокурорлар Kazakhmys Energy-де  600-ге жуық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмасын орындау аясында Ұлытау облысының прокуратурасы құрамына Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін "Kazakhmys Energy" ЖШС қызметінде заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ негізгі жабдықты жаңғырту тұрғысынан тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және т.б. салаларда 600-ге жуық бұзушылық анықталды", - делінген Ұлытау облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Атап айтқанда, объектілерді жаңғыртуға инвестициялардың жоқтығы анықталған – қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзумен, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамаумен, өлшеу құралдарын уақтылы тексермеумен шектелген.

"Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдардың атына кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, 27 млн теңге сомасына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Бүгінгі таңда "Kazakhmys Energy" ЖШС 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл төледі. Сонымен қатар уәкілетті органдар нақты іс-шараларды көрсете отырып, Жезқазған және Балқаш ЖЭО-да заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді", - деп мәлім етті прокуратура.