Алматыда полицей қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан полицейдің әйелге дөрекі күш қолданып, итеріп жібергенін көруге болады.
Қалалық полиция департаменті видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.
«Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекетіне баға беретін болады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.