×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Семейдегі әскери мектепте курсанттарды босалап, ұрып-соққан

06.06.2023, 10:42
фото: ашық дереккөзден

Құқық қорғаушы және НеМолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі Семейдегі Жас Ұлан әскери мектебінің қабырғасында болып жатқан келеңсіздіктер туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол әскери мектепте түсірілген видеоны  жариялады. Кадрлардан кіші курсанттарды ұрып-соққанын көруге болады. Жасы үлкен офицер курсанттардың бірін шапалақпен тартып жіберсе, екіншісін әскери белбеубен ұрған. 

"Бізге жазғандай, мектеп бастығы мен офицерлердің облыста "крышасы" бар, шұғыл түрде Астанадан комиссия жіберіп, тексеру жүргізу қажет! Ел президентінің офицерлердің қалай дайындалып жатқанына назар аударуды сұраймыз! Бұдан кейін біз әскердегі суицидтерге қалай таңғаламыз", – деп жазды Дина Таңсәрі.

Үндеу авторлары әскери мектептегі тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды.

"Зорлық-зомбылық, бопсалау, офицерлер мен тәрбиешілердің қысымы. Бұл жүйе, оны барлық бастықтарды жұмыстан қуғанға дейін жою мүмкін емес. Кейбір офицерлер ақша бопсалағаны үшін жұмыстан шығарылды, бірақ көбі орнында қалды. Видеода көрсетілгендер – таза шындық", - дейді авторлар.

Қорғаныс министрлігі әзірге пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық суицид жасалған.

Серіктес жаңалықтары