×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Бұл үшін  жауап бересіз": Журналистің сұрағы Көлгіновтің шымбайына батты

06.06.2023, 10:55
sputnik.kz

Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке қойылған сұрақтардың бірі оның шымбайына батты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистердің бірі экс-әкімнің атына айтылатын сын жайлы, нақтырақ айтқанда оны Астана тұрғындары “Көлгінов 20%” деп атайтыны жайлы пікір білдіруін сұраған.

Бұл сұрақты естіген Алтай Көлгінов ашуға мінді. Ол өз жұмысын жақсы орындағанын және мұндай шабуылдар тапсырыс бойынша жасалғанын айтты.

"Сіз мемлекеттік қызметшіні қоғам алдында айыптап тұрсыз. Бұл үшін  жауап бересіз. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай шабуылдар бар. Бұл тапсырысмен жасалған. Мен әкім ретінде адал жұмыс істедім", — деді ол.

Айта кетейік, Көлгінов Астананы 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.

2022 жылдың 9 желтоқсанында ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары