Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің көлік тұрағындағы өртпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, 6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешені паркингінде өрт шыққаны туралы хабарлама алған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келді, автотұрақта көлік жанып жатқаны анықталды.
«Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды барлап эвакуациялауда. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде», - деп жазды министрліктен.