×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Кениялық ару Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды салды

21.07.2022, 09:26
фото: ашық дереккөзден

Кениялық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол кедергілермен 3000 метрге жүгіруде жеңіске жетті. Джеруто қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп өтті. Екінші және үшінші орындарды Эфиопиялық спортшылар Веркуха Гетачью (8:54,61) және Мекидес Абебе (8:56,08) иеленді. Жарыс видеосын мына жерден көруге болады.

Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы келген. Ел атынан сайыстарға қатысуға ол 2022 жылы ресми түрде рұқсат алды.

Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Ольга Шишигина, сондай-ақ Григорий Егоров әлем чемпионатында алтынға бір қадам жақын болған.