×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақстандағы мемлекеттік балабақшалар толықтай қазақ тіліне көшіріледі

06.06.2023, 13:22
ortalyq.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі барлық мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, елімізде бүгінде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның тең жартысы мемлекеттік. Осы орайда сол балабақшаларды түгел дерлік мемлекеттік тілге көшіру көзделіп отыр.

“Динамика бойынша қазақ тіліндегі балабақшалардың қажеттілігі, сұранысы бар. Оны біз көріп отырмыз. Сондықтан бүкіл мемлекеттік балабақшаларды мемлекеттік тілде жүргізу мәселесін толыққанды іске асыруға болады деп есептейміз. Қазір бұл бойынша мектепке дейінгі білім департаменті айналысып жатыр. Яғни қанша балабақша қай тілде дәріс беретіні және осы тапсырманы қалай орындауға болатыны турасында жұмыстар пысықталып жатыр. Мемлекеттік тілде дәріс беретін балабақша ұйымдастыру ешқандай қиындық тудырмайды деп ойлаймын”, - дейді Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-да орыс мектептерінің саны қазақ мектептерінен 2 есе көп екені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары