×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Арнайы ХҚКО-лардағы ақау: Мусин жағдайдан бейхабар болып шықты

06.06.2023, 14:47
Арнайы ХҚКО-лардағы ақау: Мусин жағдайдан бейхабар болып шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысындағы іркілістер туралы түсініктеме бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазақстандықтар арнайы ХҚКО жұмыс істемейтінін айтып шағымданып жатыр.

Алайда Цифрлық даму министрі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында не болып жатқанынан бейхабар болып шықты.

"Маған мұндай ақпарат әлі түскен жоқ", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері  ұйымдастырылған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Қылмыстық іс «Web-Модуль» және «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша тергелді. Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеген. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде залал келтірілді.