×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Алматы полициясына жаңа басшы келді

21.07.2022, 11:56

Генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды.

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.