×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Денсаулығы тек түнгі клубқа баруға жарай ма?": министр әскерден жалтарған жастар жайлы

07.06.2023, 14:07
"Денсаулығы тек түнгі клубқа баруға жарай ма?": министр әскерден жалтарған жастар жайлы
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жастарды әскерге күштеп әкету шақырту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әскери борышын өтеуден жалтарған адамды заң бойынша шақыртуымыз қажет. Біз тек заң аясында ғана әрекет етеміз.  Егер сен еліңнің нағыз патриоты болсаң, әскерге баруың керек. Әскерге бармайды, ал түнгі клубқа барады. Денсаулығы түнгі клубқа барып, көңіл көтеруге жетеді екен. Ал Отан алдындағы борышын атқаруға жетпей ме?», - деді Руслан Жақсылықов.

Ол әскерге барудан жалтарған жастарды заң аясында іздеп, қорғаныс департаментіне шешім қабылдау үшін алып келетінін айтты.

Жақсылықов қазіргі жастардың тәрбиесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

«Түнгі клубтарға барып, қыдырып жүретіндерді еркек деп айтуға болмайды», - деді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде әскерге барудан жалтарған 4 мың азамат жауапқа тартылғаны хабарланған.

Сондай-ақ, СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен.