×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Министр Каспий теңізінің тартылу себебін түсіндірді

08.06.2023, 09:34
әлеуметтік желіден

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің тартылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр Каспий теңізінің экожүйе ретіндегі жағдайы өте күрделі екенін растады.

"Бірқатар қысым факторлары бар. Біріншіден, өзендер ағынының төмендеуі. Каспий – жабық су қоймасы. Өзендер тұрақты түрде құйып тұрмаса, ондағы су деңгейі төмендей береді, өйткені оның қорек көзі болуы керек. Біз Каспийге құятын өзендердің жағдайын көріп отырмыз. Кез келген өзгеріс әсер етеді", - деді ол.

Сүлейменованың сөзінше, теңіздің тартылуына ықпал еткен екінші фактор – климаттың өзгеруі. 

"Соңғы жылдары біз өзен-көлдер, теңіз суларының азайғанын көріп отырмыз. Каспийдің қазақстандық бөлігі – ең таяз тұсы. Сондықтан біз барлық сыртқы факторлардың салдарын бірінші болып байқаймыз. Сондықтан, өкінішке қарай, мәселе бар. Антропогендік және климаттық факторлар да бар. Бұл мәселені Каспий маңы елдеріндегі әріптестерімізбен бірге талқылап жатырмыз. Мұндағы басты міндет –  тиімді шараларды әзірлеу. Каспий акваториясындағы жағымсыз процестерді қалай азайтуға болады? Сауалды дәл осылай қою керек", - деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтауда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Серіктес жаңалықтары