×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды

09.06.2023, 10:12
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ІІМ ресми интернет-ресурсы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен.

“Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды. 6 маусым Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған лауазымды тұлғалар УҰИ-ға қамалды. Тергеу жалғасуда”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы алаяқтық және жемқорлық ісі бойынша сотталған.

Серіктес жаңалықтары