Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
«Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұдан бұрын Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер үкімет кулуарында еншілес компания FlyArystan-ның бөлінуі туралы пікір білдірген.