×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Таңғы 4-тен 7-ге дейін сақ болыңыздар": алматылықтарға ескерту жасалды

09.06.2023, 15:21
фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы 14-26 маусым аралығында Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынау жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы жылу жүйесі магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақтық шараларын сақтауға кеңес берді.

Компания қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті.

"Жер бетіне судың ағып шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы, т.б. мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық телефондары: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі арқылы хабарлаңыз", – делінген хабарламада.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі:

14 маусым

Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев – Рысқұлов – Байзақов – Яблочков көшелері;

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда көшелері.

14 және 15 маусым

Әуезов және Алмалы аудандары: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Сайын - Үлкен Алматы өзені;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев -Мақатаев - Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов көшелері.

14-23 маусым аралығында

Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағын ауданы – "Алматы" шипажайы – Сайын – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М.Ганди – Назарбаев, Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл– Фараби-Алмагүл шағын ауданы, Орбита 1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Сайын -Рысқұлбеков – Розыбақиев - Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков –Басенов көшелері;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов -Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов - ІІМ шипажайы

15 маусым

Алатау ауданы: Аққайнар - Мамбетов кенті – БАҚ-тың оңтүстік жағы.

15 және 16 маусым

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.

16 маусым

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович - Данченко, Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова көшелері;

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи көшелері;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек даңғылы.

19 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев –Розыбақиев – Шәріпова көшелері.

19 және 20 маусым

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская -Сәтбаев-Чайковский көшелері.

20 және 21 маусым

Әуезов ауданы: Төле би-Райымбек - Яссауи-Емцов көшелері;

Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи - Ислам Каримов көшелері;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би - Панфилов - Шевченко-Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов көшелері.

21 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев-Шағабұтдинов – Розыбақиев көшелері.

21-23 маусым аралығында

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилова-Абай-Желтоқсан-Тимирязев-Гоголь-Есентай өзені.

22 және 23 маусым

Наурызбай ауданы: Проектируемая-Айтбаев-Райымбек-Алтын Алаш көшелері;

Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би - Сәтбаева – Әшімов -Ислам Каримов көшелері.

23 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов - Варламов-Айманов көшелері.

26 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбақиев –Байзақов көшелері.

Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады.

Серіктес жаңалықтары