×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Мемлекет ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге берді

24.07.2022, 12:49
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбелік оқушысы халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанғаны үшін ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл - жаңа заңның талабы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Диапазон" порталына сілтеме жасап.

12-сынып оқушысы Санжар Хамиев географиядан IGeO-2022 халықаралық олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алған.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Санжарға 4,5 миллион теңге сыйақы табысталады. Оған қоса, мектеп оқушысы кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.

Халықаралық олимпиада Париж қаласында онлайн режимде өтті. Оған 54 елден 216 жас географ қатысқан. Олар жазбаша және мультимедиялық тапсырма орындап, өзара жарысты.

Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем беру туралы заңға қол қойған болатын.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы төленеді.

Бұдан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін оқи алады.