×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Семейдегі өрт 3 адамның өмірін жалмады: қалада төтенше жағдай режимі жарияланды

09.06.2023, 17:43
Семейдегі өрт 3 адамның өмірін жалмады: қалада төтенше жағдай режимі жарияланды
ТЖМ

 Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге шұғыл тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді. Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр», - делінген Ақорда хабарламасында.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше,  Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында (Батпаев орман шаруашылы 66, 67, 55, және 42-кварталдар) өрттің тұтануына байланысты Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын», - делінген Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімінде.

Еске салайық, кеше “Семей орманы” аумағында өрт тұтанған болатын. Бұл резерват аумағындағы алғашқы өрт емес.

22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында орман өртенген болатын.

Өртпен 800-ден астам адам, 10 тікұшақ бірнеше күн бойы арпалысты.

Апатқа байланысты Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.